Алматы облысында тұтас бір көшеге өрт қаупі төніп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында тұтас бір көшеге өрт қаупі төніп тұр

Алматы облысында тұтас бір көшеге өрт қаупі төніп тұр

Өйткені тұрғын үйлерге іргелес жанармай бекеті орналасқан. Жаз басталғалы бензин иісі де қолқаны қабады. Оған қоса, жуырда тура бекет маңынан өрт шығыпты. Таң қаларлығы сол, елдің өмірін бәйгеге тіккен Қарасай ауданының атқамінерлері үй салған жұртқа да, олардың ауласына жанармай бекетін тұрғызған компанияға да заңды құжаттарды беріп қойған.

  • 21 Маусым 2014
  • 343
Фото - Caravan.kz

Тірідей түгіміз қалмай жанып кетпесек деп жандарын шүберекке түйген жұрт жанармай бекетімен құдайы көрші бүгінде. Құрылыстарының арасынан қыл өтпейді. Бензиннің қолқа қабар иісіне іргедегі ел үйреніп кеткен. Бірақ жуырда бекеттің қапталынан өрт шыққанда қауіпсіздікті қайтадан қаперлеріне алыпты. 20 жылдай қызмет атқарып жатқан жанармай бекетімен жұрт бұрын да жанжалдасқан. Соттасып та үлгеріпті, бірақ алпауыттарға әлі келмеген.

Күлилә Жетпісбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Менің үйімде үнемі бензин сасып тұрады, менің бала-шағам бар. Менің өзім міне ауру адаммын. Қорқамыз бір күні жанып кетеді. Ол жанып кетсе бәрі күл-талқан болады, бізден ештеңе қалмайды.

Жұрт жиналса даттарын айтуға дереу жететін жанармай бекетінің өкілдері де сүт пісірім уақытта келді. Алдымен үйреншікті әдеттері бойынша амандық сұрасқандай айғайласып алды. Артынша үйлерге тақап тұрып неге жанармай бекетін салғандарын түсіндіруге тырысты. Бір құшақ құжаттары да бар.

Дамир Тойшыбаев, “РД Петролеум” ЖШС заңгері:

-Бекет 1996 жылы салынған, 2002 жылы үлкейттік. 2010 жылы қосымша жабдықтар қойдық. Бірақ бәрі заңды, ал мына зәулім үйлер 2006 жылы ғана пайда болды. Бұрын бұл жерде үй болмаған.

Енді қорыққан қараша мен бензин сатып байыған компания соттасуда. Алдымен бірі жеңсе, екінші процесте қарсы тарап ұтыпты. Құжатқа сүйенсек, бұл жанармай бекеті Алматы облысында болуы керек, бірақ таяқ тастам жерде тұрған қаладан енші алған.


Мирас Тұрғынбаев, заңгер:

-Ең басында жанармай станциясы берілуі бойынша Алматы облысы, Қарасай ауданы, Набережный көшесінде болу тиіс болған. Бірақ қазіргі уақытта ол Алматы қаласының Витебская көшесінде тұр, тағы қайталап өту керек. Бұған дейін бірнеше мәрте қағаз құжаттары ауыстырылған.

-Жанармай бекетінің қапталына қоныстанып, жандарын шүберекке түйген жұрт бел кеткенше беріспек емес. Қауіпсіздік үшін басымен жауапты құзырлы орындармен соттардың табалдырықтарын түгел тоздырмақ. Ең қызығы сол, ашынып ашуға булыққан ағайын мен жанармай сатып жан баққан компанияның қолдарында заңды құжаттар толық бар. Ендеше аталмыш құжаттарды қос тараптың қолдарына тапсырып, қазір жанжалдастырып қойған жауапты орындарға да таяқтың бір ұшы тимек