Атырауда су жаңа үйдің сылағы опырылып түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда су жаңа үйдің сылағы опырылып түсті

Атырауда су жаңа үйдің сылағы опырылып түсті

Атырауда тапа-тал түсте бүтін бір үйдің сыртқы қабаты сыпырылып түсті. Күтпеген көріністен шошынып қалған жұрт мемлекеттік бағдарламамен әрең дегенде қол жеткізген баспаналарына екі тәуліктен бері кіре алмай жүр.   

  • 21 Маусым 2014
  • 391
Фото - Caravan.kz

Арман Нәубетов, Атырау қаласының тұрғыны:

-Жыл сайын осы. Я шатыры ұшады. Иа тағы басқасы.

Гүрс еткен дыбыстан шошынған тұрғындар жер сілкінді ме деп далаға қарай тұра қашқан. Сөйтсе, үйдің сыртқы сылағы түгелдей опырылып түсіпті. Шегелері мен кірпіштері одырайып шығып тұр. Үй небәрі 3 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген екен. 3 ай бұрын қоныстанғандар да бар. Тұрғындар «енді үйге аттап басып кірмейміз» дейді. Оған себеп тек қаусаған қабырға ғана емес. Үйдің балкондары да қимылдап тұр. Тіпті ішкі жағы де сетінеп, тұрғындар қабырғаны өз қолдарымен бітепті. Сапасыз үйдің құлап қалмайтынына әкімдік те кепілдік бере алмай отыр.  


Батырхан Мұсатаев, Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы: 

-Қазір ол үйге кепілдік бере алмаймыз. Екіншіден мердігер мекеме өзінің жұмысын тоқтатып отыр. Бүгінгі таңда банкрот болып танылып отыр. Енді алдағы уқытта мына жылу қаптамасын қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша шаралар қабылданатын болады.