Иордания Королі Нұрсұлтан Назарбаевқа тақ мұрагерін таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иордания Королі Нұрсұлтан Назарбаевқа тақ мұрагерін таныстырды

Иордания Королі Нұрсұлтан Назарбаевқа тақ мұрагерін таныстырды

Иордания Королі Нұрсұлтан Назарбаевқа тақ мұрагерін таныстырды. Бүгін Астанаға ресми сапармен Екінші Абдалла келді.

  • 21 Маусым 2014
  • 353
Фото - Caravan.kz

Мәртебелі мейманды әрі ескі досын Нұрсұлтан Назарбаев Ақорданың  есігінің алдына шығып ерекше ықыласпен күтіп алды. Иордания Королі сол жерде Қазақстан президентіне өзімен ере келген ұлы, болашақ тақ мұрагерін таныстыруды ұмытқан жоқ. Ал Нұрсұлтан Назарбаев пен Екінші Абдалла кейін келіссөз жүргізуге бет алды. Алдымен жеке кездесіп, қос мемлекеттің сауда экономикалық байланысын сөз етті. Алыс-берісті әлде де жандандыруға уағадаласты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

-Қазақстан Орталық Азияда жетекші рөл атқарса, Таяу Шығыста Иордания сондай маңызға ие. Сіздің елге қазір оңай болмай тұр. Сириядан босқындар ағылып келіп жатыр. Солтүстік Африкадағы жағдай да мәз емес. Сондықтан жиі кездесіп кеңесіп тұрғанымыз дұрыс.


Абдалла II, Иордания королі:

-Қазақстанды сенімді саяси серігіміз деп санаймыз. Астанаға келу мен үшін үлкен мәртебе. Сіздің осы жылдар ішінде көрсеткен қолдауыңыз бен берген кеңестеріңіз мен үшін өте қымбат. Осы сәтті пайдалана отырып,Сириялық босқындарға қатысты мәселені шешеуде берген көмегіңізге алғысымды білдіремін.