Бүгін жаңа әкімді аймаққаПрезидент әкімшілігінің басшысыНұрлан Нығматуллин таныстырды. Нұрмұхамбет Әбдібеков осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Индустрия және сауда вице-министрі де болды. Ал, бұрынғы әкім Бауыржан Әбдішевке енді қандай қызмет бұйыратыны әзірге белгісіз. Аймақты бір жарым жыл басқарған ол Арқа жұртына спорт сүйгіш және жетімдердің оқуына грант бөлген қайырымды жан ретінде танылған болатын.