Жанна Фриске оңалып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанна Фриске оңалып келеді

Жанна Фриске оңалып келеді

Ресейлік әнші, киноактриса Жанна Фриске Нью-Йорктегі онкологиялық клиникада ем алып жатыр.  Оның құрбысы - әнші Ольга Орлованың айтуына қарағанда, қазір Жанна Фриске өзін жақсы сезінеді, деп жазады  РИА Новости агенттігі.

  • 23 Маусым 2014
  • 308
Фото - Caravan.kz

«Қазір Жанна өзін жақсы сезінеді. Мен бұдан басқа ештеңе айта алмаймын» , — деп мәлімдеді оның құрбысы. Ал БАҚ өкілдерінің «Жанна Мәскеуге  қашан оралады?» деген сұрағына ол жауап беруден бас тартты.

Айта кетейік, Жанна Фрискенің мидың қатерлі ісігіне шалдыққаны жайлы  ақпарат көпшілікке қаңтар айында белгілі болған еді. Қазіргі кезде әнші Нью-Йорктегі онкологиялық клиникада ем алып жатыр.