Балаларға арналған әлемдегі ең алғашқы мейрамхана ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларға арналған әлемдегі ең алғашқы мейрамхана ашылды

Балаларға арналған әлемдегі ең алғашқы мейрамхана ашылды

Лондонның оңтүстік бөлігінде бүлдіршіндерге арналған әлемдегі ең алғашқы мейрамхана ашылды, деп жазады шетелдік БАҚ.

  • 23 Маусым 2014
  • 641
Фото - Caravan.kz

Балалар диетологы, кеңесші Клэр Бейслидің айтуына қарағанда, мейрамхана бүлдіршіндерді дұрыс тамақтандыру және жаңа тағамдармен таныстыру үшін ашылып отыр.

Әрине, балаларын дұрыс тамақтандыру  ата-аналардың басты міндеті болып табылады, алайда бұл орында олар тағамның пайдасы мен зияны жөнінде егжей-тегжейлі біле алады.

Мейрамханада балалар көкөніс, жеміс-жидектермен танысып, дәмін татып көре алады. Сондай-ақ көңілді ән тыңдап мультфильм көруге де жағдай жасалған.


Түрлі түсті суреттермен берілген интерактивті мәзір арқылы тапсырыс бере алады, сонымен қатар ата-аналар мамандардан кеңес алуына болады.