Әлемдегі ең көпбалалы ана 69 сәбиді дүниеге әкелген - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең көпбалалы ана 69 сәбиді дүниеге әкелген

Әлемдегі ең көпбалалы ана 69 сәбиді дүниеге әкелген

Федор Васильев (1707-1782) Шуя қаласында өмір сүрген қарапайым орыс шаруасы болған. Оның бірінші әйелі Валентина Васильева жайлы көп дерек қалмаса да, ол - есімі тарихта алтын әріппен жазылған батыр ана. Бұл туралы 24.kz жазады.

  • 23 Маусым 2014
  • 685
Фото - Caravan.kz


Олай дейтініміз Валентина Васильева әлемдегі ең көп құрсақ көтерген ана болып қалып отыр. Ол саналы ғұмырында 69 сәбиді дүниеге әкелген.

Нақтырақ айтсақ, әйел 16 рет егіз, 7 рет үшем және 4 рет төртемді босанған.

Жалпы ғұмырында батыр ана 27 рет жүкті болған.

Ал, бүгіннің ең көп балалы анасы Чили Республикасының азаматшасы Леонтина Альбина. Ол өзін 64 баланың анасы ретінде таныстырады. Сол секілді көп балалы ананың бірі ретінде румыниялық Ливия Лонс саналады. Ол егіз тумаған, керісінше 18 рет құрсақ көтеріп, сонша нәрестені өмірге әкелген. Оның кенжесі 2008 жылы Канадада дүние есігін ашыпты.