Түркияда қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармалары жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармалары жарық көрді

Түркияда қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармалары жарық көрді

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде қазақтың әйгілі ақыны мен жазушысы Мұқағали Мақатаевтың түрік тіліне аударылған шығармалары нұсқасының тұсаукесері салтанатты түрде өткізілді. Іс-шараға түрік қоғамдық адамдар, парламентарийлер, мемлекеттік мәдениет қайраткерлері және Түркиядағы қазақ қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

  • 23 Маусым 2014
  • 617
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Салтанатты рәсімге атсалысқан түрік Парламентінің депутаты Өзжан Енічери мәдени-гуманитарлық көзқарастан екі ел халықтарының одан әрі жақындасуына ықпал ететін, қазақ классикалық әдебиетінің түрік тіліне аударылуы маңыздылығын құрметтеп бағалады.

Ескішаһар провинциясының Губернаторы Гүнгөр Туна шығармалар жинағының басылып шығарылуын түркітілдес халықтар кеңістігіндегі мәдени ынтымақтастығының дамуымен байланыстырды. Оның айтуынша, Қазақстанның Президенті Н. Назарбаевтың сол кеңістіктегі рөлі ерекше және  түркі әлемінің алғаш рет мәдени астанасы болып 2012 жылғы кезеңіндегі Астана қаласынан кейін, түркі әлемінің келесі мәдени астанасы ретінде таңдалған Ескішаһар қаласы да, өзіне жүктелген құрмет миссиясын абыройлы атқарып шықты.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев кітаптың тұсаукесер рәсімі барысында М.Мақатаев өлең шығармашылығындағы ішкі дүниесінің күші мен маңыздылығын баяндады.


Қазақ ақыны мен жазушысы өлең жинағының түрік тілінде басылып шығарылуы түрік оқырмандарын қазақтың поэзиялық мұрасымен таныстырады. М.Мақатаев өлеңдері жинағының түрік тіліндегі шығарылуы бауырлас Түркияның қоғамдық-саяси және ғылыми академиялық топтары арасында елдің халықаралық имиджіне оң әсерін тигізеді.