Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Бразилиядағы  20-шы әлем чемпионаты нағыз қызған шағында. Плей-оффқа жолдама алған командалардың алды белгілі болып қалды. Әйгілі «Мараканада»  өткен кездесуде  Ресейге  дес бермеген Бельгия өз тобында үздік шықты. Осы топтағы екінші жолдаманың тағдыры соңғы турдың үлесінде қалып тұр.

  • 24 Маусым 2014
  • 221
Фото - Caravan.kz

 

ҚР «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесі қарсаңында, Қызылордада  ақпарат майданының өкілдері арасында шағын футболдан жарыс өтті.    Облыс әкімінің жүлдесі жолындағы  тұңғыш турнирде  ондаған ұжым өкілдері  күш байқасты.

Халық пен билік арасындағы алтын көпір саналатын төртінші билік өкілдері,  спорттан да кенде емес екендіктерін дәлелдеді. Жарыстың ақтық сынында  «Қазақстан-Қызылордамен» «Меншілікті тілшілер» командалары жолықты.  Қызықты да тартысты өткен матчта 2:4 есебімен «Меншікті тілшілер» командасы олжа салды.  Үшінші орын үшін бәсекеде негізгі уақыт тең аяқталып, жеңімпазды анықтау үшін пенальтиге жүгінуге тура келді. Бұл лотереяда  «Қоғам тв» ұжымынан айласын асырған   «Сыр медиа»  турнирдің қола жүлдесін иеленді. Жарыс соңынан  әр номинация бойынша үздік футболшылар  таңдалды.   «Меншікті тілшілер» командасынан Ержан Байтілес «үздік қақпашы», «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан Әділбек Жақанов «сұрмерген», «Баспасөз қызметінен» Азиз Оразбаев «үздік шабуылшы» және  «Қоғам тв» командасынан Жомарт Бакарамов «үздік қорғаушы» номинациясын иеленді.

 


Бүгін Лондонда «Үлкен Дулыға» аясындағы серияның ішіндегі ең көнесі Уимблдонның жалауы көтерілді. Биылғы турнирдің жөні бөлек болғалы тұр. Ең басты жаңалық  дәстүрлі  доданың жүлде қоры бұрынғымен  салыстырғанда 11 пайызға өскен.

Дәлірек айтсақ турнирге тігілген бәйгенің жалпы құны, 42,5млн долларға тең.  Жарысқа қатысушылар үшін 17 корт толық дайын. Әйелдер арасындағы финал  бесінші шілде күні өтсе, ертеңіне орталық кортта  турнирдің бас бәйгесін ерлер сарапқа салады. Дүбірлі доданың былтырғы жеңімпаздары  британиялық Энди Маррэй мен француз Марион Бартоли  алдағы күндері  чемпиондық атақтарын қорғап қалуға күш салады.