Ақтауда дүлей дауыл тұрып адамдарды жолынан қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда дүлей дауыл тұрып  адамдарды жолынан қалдырды

Ақтауда дүлей дауыл тұрып адамдарды жолынан қалдырды

Ақтауды шаң басып қалды. Мұнда таңертеңнен бері соққан құм аралас жел тұрғындарды әбден әбігерге салуда.

  • 24 Маусым 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz


Дауыл салдарынан қалада 500 метр жерге дейін түк көрінбей қалған. Табиғаттың тосын мінезі әуе қатынасы мен көлік қозғалысына да кедергісін келтірді. Күшті желден әуежайға қона алмаған ұшақтар Атыраудағы қосалқы аэродромға аялдауға мәжбүр болды. Ал Ақтаудан ұшуы тиіс рейстер кейінге қалдырылып, жолаушылар діттеген жеріне жете алмаған. Ауа-райын болжаушылардың айтуынша, қатты дауыл тек түнде бәсеңдеп, ертең тоқтамақ.