Маусымның 21 күні жердің сілкінгенін алғаш, әрі қатты сезінген Абай қаласының тұрғындары. Мұндағы толқу уақыты бір минутқа дейін жетіпті. Селкідеген жұрт жапа тармағай далаға қашқан.
Жандос Ерубаев Абай қаласының тұрғыны:
—Тартпалар шығып-шығып артынан сервант құлады. Не істерімізді қайда қашарымызды білмей састық. Алғашында шахталардың бірі жарылған шығар деп ойлағам. Кейін жер сілкінді деп хабарлады.
Жер сілкіну дегенді білмей өскен орталық қазақстан жұртының абдырап қалғаны анық. Көргендер осыдан 30 жылдай бұрын шығыс қазақстандағы жер сілкінісінің болар болмас,толқыны сезілгенін айтады. Бірақ осы жолы сілкіністің кіндігі Абай ауданында, 40 шақырым тереңдіктетіркеліпті.
Қуаныш Мұтталапов,Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:
—Жарылғыш заттардың бұған еш себеп емес екенін анықтадық. Сонымен қатар ғимараттар, үйлер тексерілді. Жер сілкінісінен зардап шеккен ғимаратар қазіргі таңда тіркелген жоқ.
-Қазір сейсмологтар жер сілкінісінің себептерін анықтауға жұмыла кірісті делініп отыр. Себебі сейсмоқауіптің иісіде сезілмейді деген жерден жік шығарын ғылым да болжамапты. Сондықтан орталық өңірде апатты болжайтын құрылғылар жоқ, бола қалса қарекет қылар қауқар да шамалы. Енді төтенше жағдайлар басқармасы айтар байламды күтіп, Алматыдағы сейсмоорталық мамандарының аузына қарап отыр.