Джулиан Ассанж Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джулиан Ассанж Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды

Джулиан Ассанж Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды

Талай дауға іліккен WikiLeaks сайтын жасаған австралиялық журналист-блогер Джулиан Ассанж Қазақстан Журналистері одағы сыйлығының лауреаты атанды.

  • 24 Маусым 2014
  • 402
Фото - Caravan.kz


Республикалық шығармашылық байқаудың үздік жұмыстарының қорытындысын бүгін "Егемен Қазақстан" газетінде Қазақстан Журналистер одағының басқармасы жариялады.

Ассанжтың еңбегі «журналистік зерттеу» аталымында бағаланды.

Сонымен бірге, бұл сыйлықтың лауреаттары ретінде республикалық және аймақтық БАҚ-тың журналистері мен фототілшілері танылды. Ал билік өкілдері, үкіметтік емес және діни ұйымдардың өкілдері баспаны қолдап, журналистермен өзара түсіністік танытқаны үшін одақтың дипломдарымен марапатталды.