Апталдай 5 азаматтың ажалы судан болды - ҚР ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апталдай 5 азаматтың ажалы судан болды - ҚР ТЖМ

Апталдай 5 азаматтың ажалы судан болды - ҚР ТЖМ

Өткен тәулікте елімізде 5 адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

  • 24 Маусым 2014
  • 450
Фото - Caravan.kz

22 маусым күні Ақмола облысы Родионовка ауылында 43 жасар азамат Есіл өзеніне батып кеткен. 23 маусым күні оның мәйітін құтқарушылар судан алып шықты.

23 маусым күні Ақтөбе қаласы Заречный кентіндегі Илек өзеніне 25 жасар азамат батып кетті. Оның мәйітін де сол күні құтқарушылар судан алып шықты.

23 маусым күні Өскеменде 20 жасар азамат Ертіс өзеніне суға түсіп жүріп, ажалын судан тапты.

Сонымен қатар Қостанай облысының Новоселовка ауылындағы өзенге 26 жасар азамат батып кеткен.



Оңтүстік Қазақстан облысы Боралдай елді мекеніндегі Боралдай өзеніне 1967 жылы туған азамат батып кеткен. Оның мәйітін құтқарушылар 23 маусым күні судан алып шықты.