Астананың кейбір аудандарында жарық пен ыстық су ажыратылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың кейбір аудандарында жарық пен ыстық су ажыратылады

Астананың кейбір аудандарында жарық пен ыстық су ажыратылады

Бүгін және ертең елорданың кейбір аудандарында ыстық су беру уақытша тоқтатылады. «Астана-Теплотранзит» АҚ astana.kz сайтына хабарлағандай, жылу магистралдарын тығыздыққа дайындау және сынау жұмыстары өткізіледі.

  • 24 Маусым 2014
  • 350
Фото - Caravan.kz


24-25 маусымда Энергетиктер кенті, Ақбұлақ шағын ауданы 1, 2, 3, 4, Ақыртас, Қарқабат, Сарайшық, Қалдаяқов, Байтұрсынов, Қошқарбаев, Айнакөл, Нәжімеденов, Дауылпаз, Қордай көшелері, Жұмабаев, Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдарында ыстық су беру жоспарлы ажыратылады.

Мекеменің хабарлауынша, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК пен ПК төрағалары берілген ұйғарымға сәйкес, ыстық сумен қамтуды желіден айырып тастауы қажет. Сондай-ақ, осы кезеңде кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс.

Бұдан басқа, «Астана-АЭК» АҚ мәліметінше, бүгін келесі мекенжайлар бойынша электр энергиясын беру тоқтатылады: Желтоқсан к-сі 37, 37/1, Жеңіс даңғылы 34, 36, 36/1, 36/2, 36/3, 36/3, Бөгенбай батыр даңғылы 37; Қарағанды к-сі, Асан Қайғы к-сі, Тараз к-сі 18/5 — 20/6, Жангельдин к-сі 110-120; Заречный кенті Ақселеу к-сі, Степной тұйық көшесі, Қаратөбе көшесі; Әулие Ата к-сі 1-15, 4-24; Жангельдин к-сі 33/1 — 35/8, Лермонтов к-сі 1-29, Күлтегiн тұйық к-сі 2-16, 1-9; Мәскеу к-сі 18, Мәскеу к-сі 20, 20/1, 20/2, Фрунзе к-сі. Елорда тұрғындарына ыңғайсыздықтар келтірмес үшін жарық күндізгі уақытта өшіріледі.