Бала өлімі үшін ресейлік азаматша қылмыстық жауапқа тартылды - Қостанай - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бала өлімі үшін ресейлік азаматша қылмыстық жауапқа тартылды - Қостанай

Бала өлімі үшін ресейлік азаматша қылмыстық жауапқа тартылды - Қостанай

Қостанай прокуратурасы Ресей азаматшасының үстінен қылмыстық іс қозғады.

  • 24 Маусым 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz

«Іс анасының баласына тиісті тәрбие мен күтім жасамауының соңы оның өліміне әкеп соқтыруына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 137-бабы бойынша қозғалды», делінген облыстық прокуратураның бүгінгі хабарламасында.

Қадағалау органының мәліметі бойынша, бір жарым жасар қыз асқынған пневмония мен жата бергеннен денесі ойылып балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер баланы дереу жансақтау бөліміне жатқызған, өйткені қыздан токсикалық нефрит, бүйрек жетіспеушілігі, бас миы ісігі анықталған.

Ауруы қатты асқынған қызды аман алып қалу мүмкін болмаған.


Прокуратура анықтағандай, қыздың анасы Ресей Федерациясының азаматшасы, Қостанайда тұрады, баланың тәрбиесімен және күтімімен айналыспаған.