деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, жоғарғы мүфтий Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда сейсенбіде баспасөз мәслихатында.
"Жуық арада қажылық мәселесі бойынша Сауд Арабиясында болдым, сол елдің қаржы министрімен кездестім. Қазақстанға 5 мың квота бөлініпті. Демек, біздің елден 5 мың адам қажылыққа бара алады", деді ол.
Жоғары мүфтий атап өткендей, өткен жылы Сауд Арабиясы бүкіл әлем бойынша қажылыққа баратындар квотасын 20% қысқартқан. "Биыл да солай. Мен оларға біздің елде 11 млн жуық мұсылман бар, біздің елден 11 мың адам қажылыққа бару керек дедім, ол саннан 20 пайызды алып тастаса, 8 мың адам болады. Біз 5 мың адамға квота ала алдық", деді ол.
Қажылыққа жіберумен үйреншікті 20 компания айналысады. Әр компанияға діни басқарма бір-бір имамды қосып береді. "Біздің имамдар қажылыққа бару ережелерін түсіндіреді. Олар бәрін көрсетіп, аудармашы да қызметін атқарады", деді ол.