Иракта соңғы аптада содырлардың қолынан бір мыңнан аса адам қаза болды -БҰҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иракта соңғы аптада содырлардың қолынан бір мыңнан аса адам қаза болды -БҰҰ

Иракта соңғы аптада содырлардың қолынан бір мыңнан аса адам қаза болды -БҰҰ

Иракта соңғы 17 күн ішінде кем дегенде 1075 адам экстремистердің шабуылы салдарынан қаза болды, деп хабарлады сейсенбіде Женевада БҰҰ адам құқы жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының өкілі Руперт Колвилл.

  • 24 Маусым 2014
  • 342
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 658 адам жарақат алған.

Р.Колвиллдің айтуынша, бұл Иракта қаза болған және зардап шеккендер туралы бастапқы деректер ғана.

Алдында хабарланғандай, "Ирак және Левантаның ислам мемлекеті" радикалды тобының содырлары елдің бірқатар елдімекендерін бақылауға алған болатын.

Қазіргі уақытта олар Бағдатқа шабуыл ұйымдастырмақ.