Қазақстанды газификациялаудың бас сызбасы 2030 жылға дейін 656 млрд теңгені қажет етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанды газификациялаудың бас сызбасы 2030 жылға дейін 656 млрд теңгені қажет етеді

Қазақстанды газификациялаудың бас сызбасы 2030 жылға дейін 656 млрд теңгені қажет етеді

Қазақстанды газификациялаудың бас сызбасын жүзеге асыруға қажет 2030 жылға дейінгі инвестиция көлемі 656 млрд теңгені құрайды,

  • 25 Маусым 2014
  • 1025
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

«Бас сызбаны жүзеге асыру үшін қажетті инвестицияның жалпы мөлшерінде ұлттық оператор тарапынан қаржыландыру үлесі 2030 жылғы кезеңге дейін 162 млрд теңгені құрайды.Бұдан басқа қаржыландыруды республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен де жүзеге асыру қарастырылады, атап айтқанда, қаржыландырудың жыл сайынғы сомасы 16 мен 18 млрд теңге арасында болмақ, мұның өзі жыл сайынғы қаржыландырудың қазіргі деңгейіне сәйкес келеді» деп атап өтті Ұ.Қарабалин сейсенбі күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қалған бөлігін басқа көздерден – мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік,жеке инвестиция, сондай-ақ ұлттық оператордың ( "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы) қарыз қаражатынан қаржыландыру қарастырылады.

Республикамызды газификациялаудың Бас сызбасын сейсенбі күні үкімет мақұлдады ,деп түсіндірді министр.


Бұл жоспарға сәйкес 2030 жылы газификацияланған облыстар 13-ке дейін көбейеді, деді ол. «Қазақстан тұрғындарын газбен қамтамасыз ету деңгейі қазіргі 32 пайыздан 2030 жылға қарай 56 пайызға дейін артады, 13 облыс газификацияланады» ,- деді Ұ.Қарабалин.

Қазіргі кезде Қазақстанда он төрт облыстың тоғызы газбен қамтамасыз етілген. Бұл орайда аймақтық газификациялау деңгейі шашыраңқы – Алматы облысында 6 пайыздан басталса, Маңғыстау өңірінде 98 пайызға дейін.