«Көкжайлау» жақын он жылдықта аймақтағы ең тартымды тау-шаңғылы шипажайлардың біріне айналады - А. Есімов - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көкжайлау» жақын он жылдықта аймақтағы ең тартымды тау-шаңғылы шипажайлардың біріне айналады - А. Есімов

«Көкжайлау» жақын он жылдықта аймақтағы ең тартымды тау-шаңғылы шипажайлардың біріне айналады - А. Есімов

Туризм саласында маусымдылықтан құтылу үшін уақиғалы туризмді де дамыту қажет. Бұл туралы бүгін Алматыда I Халықаралық қонақ үй форумы барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді. 

  • 25 Маусым 2014
  • 438
Фото - Caravan.kz

 Қала әкімі өз баяндамасында маусымдылықтың үлкен мәселе екендігіне тоқталды.

«Маусымдылық туризмнің дамуына үлкен әсер етеді. Бұл — қонақүйлер үшін де өте маңызды мәселе. Сондықтан біз қонақүйлердің тек белгілі бір маусым кезінде ғана емес, жыл он екі ай туристерге толып тұрғандығына мүдделіміз. Өйткені қонақүйлердің толымдылығы жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Және бюджетке түсер салық мөлшері де арта түседі. Сол үшін де  көптеген елдер уақиғалы туризмді дамытып отыр. Яғни, қандай да бір уақиғаға, мерекеге, мәдени, спорттық, шараларға, форумдарға орай туристік  бағдарламалар ұйымдастырылады. Сондықтан бұл — тек туризм басқармасының ғана емес, сондай-ақ өнеркәсіп және кәсіпкерлік, мәдениет және басқа да басқармалардың атқарар жұмысы! Қазіргі таңда Алматы қаласындағы туризм және демалыс саласындағы инфрақұрылымдар, қала маңындағы табиғат ресурстары, туризмнің көптеген түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл жерде іскерлік, мәдени-танымдық, экологиялық және тау-шаңғылық демалыстарға басымдық беріледі. Үкімет қабылдаған туризм саласының дамыту тұжырымдамасына сәйкес, Алматы кластері дамитын болады. Елбасының тапсырысы бойынша «Көкжайлау» тау-шаңғылы шипажайын салу қолға алынды. «Көкжайлау» жақын он жылдықта осы аймақтағы ең тартымды деген таң-шаңғылы шипажайлардың біріне айналады», — деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.

Алматы қаласының әкімі сонымен қатар, белгілі британдық басылым The Rough Guide журналының әйгілі ТОП-10 тізіміне Алматы қаласының да енгендігін мақтанышпен жеткізді.


Естеріңізге сала кетейік, аталмыш басылым үстіміздегі жылдың басында, 2014 жылы келіп тамашалауға тұрарлық әлемдегі 10 елдің тізімін жариялаған-ды. Солардың ішінде Алматы қаласы жетінші орынды иемденді. 

Ахметжан Есімовің айтуынша, бұл жәйт те туристерді Алматы қаласына келуге қызықтыра түсері анық.

Айта кетейік, I Халықаралық қонақ үй форумы ертең де жалғасын табады.