Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты оқу орнынан тағы дау шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты оқу орнынан тағы дау шықты

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты оқу орнынан тағы дау шықты

Төтенше жағдайлар министрлігі даудан арылар емес. Бұл жолы шу осы ведомствоға қарасты Көкшетау техникалық институтында шықты. Мұнда курсанттың ата-анасы ұлдарына басшылық тарапынан негізсіз қысым көрсетілді деп шағымдануда. Әмірхан Байжанов былтыр түрлі сылтаумен оқудан шығарылған екен. Институт басшылығының шешемін кейін сот негізсіз деп тауып, курсантты оқуына қайтарыпты. Бірақ содан бері оған оқуын жалғастыруға мүмкін бермей жатқан көрінеді. 

  • 25 Маусым 2014
  • 272
Фото - Caravan.kz

Алғашқыда әділдік іздеп, сот жағалаған ата-анаға енді институт маңын күзетіп жүр. Айтуыларынша, былтыр күзде казармада шырт ұйқыда жатқан курсанттарды бөлімше командирі оятып, күш көрсеткен. Әмірханның сонда басы жарылып, жағы сына жаздапты. Ақыры институт басшылығы кінәні курсанттың өзіне артып, оқуынан шығарып жіберген. Бірақ курсант кінәсіз кенін кейін сотта дәлелдеп шыққан. Судья оқуын қайта жалғастырсын деген шешім де шығарыпты. 

Баян Байжанова, курсанттың анасы:

-Осы соттан кейінгі баламның тағдырын ешкімге айтқым келмейді, көзімнен жас та қалған жоқ ағатын. Бірінші күннен бастап торғайдай болып отырды. Түртпектеп бәрі тиісіп, офицерлар мазақ қылған.  6 ай сот болды, сабақ оқыған жоқ.

Осындай үздіксіз қысымның кесірінен сабақтың да жайына қалғанын курсанттың өзі растап отыр. Енді басшылық үлгерімі төмен деп тағы шығарғалы жатыр екен.

Әмірхан Байжанов, Көкшетау техникалық институтының курсанты:


-Телефон камерасына түсірді. Мені ғана түсірді емтихан кезінде. Мұғалімдер жағынан. Оқуға мүмкіндік берілген жоқ. Қысым жасалып жатыр.

Ал институт басшылығы шашауларына шаң жұқтырар емес. Айтуларынша, соттасып жүргенде жіберілген сабақтардың орнын толтыру үшін тіпті қосымша мұғалім де бердік дейді.

Вадим Пранге, Көкшетау техникалық институты бастығының орынбасары:

-Иә, оны сот ақтады. Біз қайта қабылдадық. Кесте бойынша сабақтар ұйымдастырдық. Ешкім де оған қысым көрсеткен жоқ. Ата-анасының айтып отырғаны өтірік.

Ата-анасы енді мектепті жақсы бітіріп, құтқарушы болуды армандаған баласының сағы сынып, бір нәрсеге ұшырап қала ма деп қорқып отыр. Басынан дау арылмаған бұл оқу орнында дейін де талай адам осындай жағдаймен оқудан шығарылып, теперіш көріпті. Ал Әмірхан сот арқылы жаладан ақталып шыққан бірінші курсант екен.