Ұлттық мәліметтер орталығының ақпаратына қарағанда, тектоникалық жер сілкінісі осыдан 13 жыл бұрын елдің оңтүстік-батысында болыпты. Ғалымдар жер қабатын тербейтін техногендік зілзаладан оның ерекшелігі, шытынаған жер асты плитасы осы кезде үлкен қысыммен қайта қосылады дейді. Бірақ 15-20 шақырымдық тереңдіктегі қатпарлардың соқтығысуы жер бетіне оңай тимейді екен. Осыған байланысты ғалымдар Қазақстаннның жаңа сейсмикалық картасын жасау керектігін айтуда. Жер қыртысын зерттейтін ғалымдардан құралған арнайы топ енді осы аймаққа аттануды жоспарлап отыр.