Нұрсұлтан Назарбаев ШҚО әкімдігінің жұмысынан шикілік тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев ШҚО әкімдігінің жұмысынан шикілік тапты

Нұрсұлтан Назарбаев ШҚО әкімдігінің жұмысынан шикілік тапты

Шығыс Қазақстан түсті металл өндірісінде алдыңғы қатардан көрінуі тиіс! Осында жұмыс сапарымен жүрген Нұрсұлтан Назарбаев табиғи қоры бай аймақтың түсті металл өндіруде өгіз аяңмен келе жатқанын қатаң сынға алды. 

  • 25 Маусым 2014
  • 253
Фото - Caravan.kz

Өскемендегі бірнеше нысанды аралап әлеуметтің тынысынан хабардар болған Елбасы көпшілікпен кездесу өткізіп, бұған дейін де әр салаға арналған тапсырмаларының орындалмай жатқанына тоқталды. Әсіресе құрылысы ұзаққа созылған денсаулық сақтау саласындағы 7 нысанның жұмысына қатысты сын айтылды. Қан айналымы ауруына шалдыққандардың саны бойынша облыс елімізде көш бастап тұрса да, жергілікті билік 6 жыл бұрын салына бастаған орталықтың құрылысын аяқтауға әлі асығар емес.  


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мемлекет  денсаулық сақтау саласына берілетін қаржыны жыл сайын көбейтіп жатыр. Барлық облыс орталықтарында заман талаптарына сай емханалар салдық. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруға да көп көңіл бөлінуде. Осыған қарамастан, облыстық қан құю орталығының құрылысын 6 жыл бойы аяқтай алмай жатырсыңдар.