Майя тайпасының ұрпағы қазақ еліне келуге ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Майя тайпасының ұрпағы қазақ еліне келуге ниетті

Майя тайпасының ұрпағы қазақ еліне келуге ниетті

Мексика Қазақстанмен ынтымақтастық құруға ниетті. Елімізде бұл мемлекеттің елшілігі әзірге ашылмаса да, мексикалықтар өздеріне таңсық елді көруге ынталы. Бұл туралы 24.kz жазады.

  • 25 Маусым 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Майя тайпасының ұрпағы қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен танысып, асқар таулары мен дархан даласын көруге асық.

Халық саны бойынша әлемде 11 орында тұрған Мексика экономикалық күрделі мәселелерге тап болып отыр. Дегенмен, оларға табиғаттың берген сыйы көп: Кариб теңізінің көгілдір суы мен жағалауындағы аппақ құм, тропикалық джунгли, көне өркениеттің қалдырған ежелгі ескерткіштері мен мая пирамидалары. Содан болар Мексикаға туристер ағылып келуде. Ал өздері таңсық болып көрінетін Қазақстанды көруге ынтазар.

Эрик Эрера, Майя ұрпағы: — Қазақстан орналасқан әлемнің жартысында әлі болғаным жоқ және қарды өз көзімен көргім келеді. Өкінішке орай, біздің туристік агенттіктерде Қазақстанға баратын саяхат бағдарлама қарастырылмаған. Біз елдеріңізге барып, қарлы таулар мен жазық даланы көріп, әдет-ғұрыптармен танысып, тағамдарының дәмін татсақ дейміз.

Эрик — көне майя тайпасының ұрпағы. Оның ата-анасы Юкатанның көптеген тұрғындары секілді осы күнге дейін егіншілік, аңшылықпен айналысып, қолөнермен табыс табады. Ата-бабасының әдет-ғұрыптарын қатаң сақтайды. Мексиканың туристік брэнді бүкіл әлемге танымал. Авокадо, жүгері, шоколад пен текиланың отаны.

Педро Солис, аспаз:
— «Буриттоның» дәмі ішіне салынған тағамдарға байланысты. Біз оған ет, қара бұршақ, авокадо, жүгері, күріш, салат жапырақтары мен түрлі дәмдеуіштерді қосамыз. Соның бәрін бидай шелпегімен ораймыз. Тамақтарының құрамында түрлі көкөністер болғанына қарамастан, мексикалықтардың дене бітімі толық болып келеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ересек халқының 32%-ы — семіздікке ұшарағандар. Сол себепті Мексика үкіметі ұлтты сауықтыратын арнайы бағдарламаны әзірлеуге кіріспек. Туристердің миллиондаған легін қабылдау үшін халықтың тартымды болғаны жөн.

Мексика туризмнен миллиондаған АҚШ доллары көлемінде табыс табады. Бұл — қазынаға түсетін кірістің жартысынан артық қаражат. Сондықтан мұнда туристерді аса құрметпен күтіп,  жақсы демалуларына жайлы жағдай жасалған.