Қарағандыға келісім жасауға қытайлық инвесторлар келді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыға келісім жасауға қытайлық инвесторлар келді

Қарағандыға келісім жасауға қытайлық инвесторлар келді

Қарағандыға «Цинхуа» қытай энергетикалық корпорациясының өкілдері келді.
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековпен болған кездесуде «Кузнецкий» разрезінде көмірді кешенді өңдеу бойынша жобаны жүзеге асыру мәселелері сөз болды. 

  • 25 Маусым 2014
  • 444
Фото - Caravan.kz


«Бүгін біз жобаның қазіргі жағдайын талқылап, алдағы уақытта бірлескен жұмыстың нақты жоспарын анықтау үшін жиналдық», — деді аймақ басшысы.

Жоба облыс экономикасының өсуіне әсер етуі мүмкін, деп атап өтті ол.

«Инвестициялардың жалпы сомасы 2 млрд. доларды құрайды. Зауыт құрылысы екі кезекке бөлінген», — деп хабарлады «Цинхуа» корпорациясы бас директорының орынбасары Ланг Инг.

Оның сөзіне қарағанда, «Кузнецкий» көмір разрезінің талдауы жүргізілген. Соның нәтижесінде технологияны жасау қажет. «Тереңдетілген маркетингті зерттеулер жүргізу жоспарда бар», — деп қосты корпорациия өкілі. Қаржыландыру схемасы әзірге анықталған жоқ.

Мамандардың есептеуінше, жобаның жүзеге асырылуы өндірілген көмірдің әр тоннасынан экономикалық тиімділікті 5-7 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша, зауыттың құрылысы үшін Бұқар жырау ауданы «Кузнецкий» көмір разрезінің жанында үш әлеуетті орын анықталды. Өндірістік алаңның шикізат базасына жақын болуы қарастырылып жатыр.
Кездесуде, сонымен бірге, жергілікті халықтың жоба бойынша жұмысқа тартылуы және отандық материалдарды пайдалану мәселелері сөз болды. Аймақ басшылары экологиялық талаптар мен стандарттарды сақтау талабын нақтылап қойды.

«Біз инновацияларды енгізумен көмір-химиялық өнеркәсіпті дамытуға қызығушылық білдіріп отырмыз және біздің ынтымақтастығымыз екі жаққа да тиміді болуы мүмкін», — деді Н.Әбдібеков.

Оның сөзіне қарағанда, кездесу қортындысы бойынша, екі тараптың да міндеттері анықталған хаттамалық шешімге қол қойылады.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың қыркүйегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған ресми сапарының барысында ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты құжаттарға, соның ішінде, Қарағанды облысының «Кузнецкий» разрезінде көмірді кешенді өңдеу бойынша жобаны жүзеге асыру аясында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. «Цинхуа» корпорациясы жобаны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа оның ҚХР-ға осы жылдың мамыр айында жасаған сапарының барысында таныстырды.

Көмірден синтетикалық сұйық отын өндіру жоспарланып отыр. Кәсіпорын бензин, дизельдік отын мен жоғары бағалы түрлі химиялық өнімдерді шығарады деп күтілуде.

«Цинхуа» корпорациясы ҚХР-дағы көмірді өндіру, байыту, кокстау және химиялау бойынша ірі жекеменшік компания болып табылды. Сонымен бірге, онда металлургия, құрылыс материалдарымен айналысып, құрылыс материалдарын, химиялық индустрия өнімін шығаруды қолға алынған.