Қазақстандық майор Мәскеуде Макаров тапаншасынан атудан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық майор Мәскеуде Макаров тапаншасынан атудан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық майор Мәскеуде Макаров тапаншасынан атудан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің офицерлер командасы Макаров тапаншасынан атудан халықаралық турнирде екінші жалпыкомандалық орынды иеленді, деп ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 25 Маусым 2014
  • 437
Фото - Caravan.kz

Түркіменстаннан 8 команда қатысқан турнир Мәскеуде РФ федералдық қауіпсіздік кеңесі Шекара академиясында өтті.

Қазақстан ҰҚК шекара қызметінің командасы атынан Ресей ФҚК Шекара академиясында білім алушы қазақстандық тыңдаушылар шықты.

Атыс қорытындысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің офицерлер командасы 314 жалпы балмен екінші жалпыкомандалық орынды иеленді.

Макаров тапаншасынан атудан жеке біріншілік жарысынның қорытындысы бойынша «Оңтүстік» аймақтық басқарманың N2041 әскери бөлімшесі аға штаб офицері майор А.Бақытбеков жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді.