Салықтық рақымшылық барысында шағын және орта бизнеске 1 млрд доллардан аса айыппұл кешіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салықтық рақымшылық барысында шағын және орта бизнеске 1 млрд доллардан аса айыппұл кешіріледі

Салықтық рақымшылық барысында шағын және орта бизнеске 1 млрд доллардан аса айыппұл кешіріледі

Салықтық рақымшылық барысында шағын және орта кәсіпорындарға шамамен 195 млрд теңгеден аса айыппұл кешіріледі,

  • 25 Маусым 2014
  • 812
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов.

Бұл туралы А.Мырзахметов журналистерге Астанада сәрсенбіде ҰКП I съезінің арасында айтты.

"Бұл аса маңызды мәселе, бізде тіркелген кәсіпорындардың жартысы ғана жұмыс істеп отыр. Яғни, тіркелгені миллион төрт жүз болса, 800 мыңы ғана жұмыс істеп отыр. Бұл дегеніңіз көптеген кәсіпорындар жылдар бойы жабыла алмай отыр деген сөз, айыппұлдар алынып тасталмайды, салықтық тексеру ұзақ жүреді. Салықтық рақымышылық бұл мәселені жылдам шешуге мүмкіндік береді", деді ол.

Оның айтуынша, енді жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнесті жабу тәртібі оңтайландырылады, олардың өтініші бойынша таратылады.


"Мәселен, бір Алматының өзінде 40 мың кәсіпорын жылдар бойы реестрден шыға алмай отыр. Бәрін тазалау керек, үкіметтің біздің ұсынысымызды қабылдағанына ризамыз, бүл үрдіс келесі жылы басталады, өйткені Салық кодексіне өзгеріс енгізу керек", деді ол.