Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Бразилиядағы мундиальдың 13-ші жарыс күні,  1/ 8-ші финалда ойнайтын екі бірдей командалар  жұбы белгілі болды. «Д» тобындағы шешуші матчта, бұған дейін  Англияны ұтқанымен Коста-Рика есе жіберген   Италия мен Уругвайдың жолы түйісті.

  • 26 Маусым 2014
  • 164
Фото - Caravan.kz

 

Плей-офф мәселесін алдын-ала шешіп алған Колумбия, соңғы турда  Жапониямен ойнады.  Азиялықтар осы матчта жеңіске жеткен күнде де, Грекия мен Кот –д Ивуар арасындағы  бәсекеге тәуелді болатын.  

Бірақ  Колумбия құрамасы олардың ішкі мақсатын іске асырмай тастады.  Куяб қаласында өткен матчта  Джексон Мартинес екі рет мергендік танытса, қалған екі гол  Хуан Куадрадо мен Хамес Родригестің есебінде.  Ал бұған дейін өзара кездеспеген  Кот-д Иваур мен Грекия теке-тіресінде эллиндердің жолы болды.  Есеп 2:1.  Топтық раундты екінші орынмен аяқтаған гректер плей-офф кезеңінде Коста-Рикамен күш сынасады.  Мундиальдың үлкен жаңалығына айналған коста-рикалық аяқдопшылар соңғы турда  үлкен тойдан сыбағасыз қалған Англиямен  ұпай бөлісіп тарасты.

 

Ярослава Шведова мен Михайл Кукушкин  Уимблдонның бірінші айналымында қарсыластарына дес бермеді. 26 жастағы Шведова  чехиялық Кристина Плишковадан алда болды. Үш сетке созылған бәсекедегі есеп 6:3,6:4 және 8:6.

Жерлесіміз мәртебелі жарыстың келесі сатысында эстониялық Кая Канепимен кездеседі. Израйльдің беткеұстар  теннисшісі Дуди Селуді ұтқан  Михайл Кукушкин, келесі айналымда канадалық Франк Данцевичпен сынға түседі.  Тек бір өкінішітісі Лондонға жолы түскен тағы бір отандасымыз  Александр Недовесов тартысты өткен матчта  тайвандық Лу Еннан  жеңіліп қалды.  Словак Мартин Клижанды турнирден шеттеткен Рафаэль Надаль, өзінің АТР аясындағы 700-ші жеңісіне қол жеткізді. Әлемнің экс-бірінші ракеткасы Роджер Федерер де  алғашқы сынақты сәтті аяқтады. Швейцариялық әйгілі шебер италиялық Паоло Лоренциді қапы қалдырды.