“Астарлы ақиқат” тағы топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Астарлы ақиқат”  тағы топ жарды

“Астарлы ақиқат” тағы топ жарды

КТК үздіктердің қатарында. Арнамызда шығатын “Астарлы ақиқат” бағдарламасы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды.

  • 26 Маусым 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

Әріптесіміз Дина Төлепбергеннің авторлық жобасы арнайы комиссияның ұйғарымымен жылдың үздік бағдарламасы деп танылды. Қоғамда орын алып жатқан оқиғаларды шынайы әрі бүкпесіз көрсететін “Астарлы ақиқат” бүгінде ел арасында үлкен сұранысқа ие болған тележоба. Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған байқауда бірнеше аталым бойынша 70-ке тарта материал ұсынылған екен. Олардың ішінен оқ бойы озық шыққандары диплом, ақшалай сыйлықпен марапатталды. “Астарлы ақиқат” бағдарламасы мен оның орыс тіліндегі баламасы “Другая правда” тележобалар аталымы бойынша жүлдеге қол жеткізді.

 
Сейітқазы Матаев, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы:

-Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Бірақ олар шындықты айтады. Екінші жағынан көрермендері көп.Телевизиялық жұмысқа бірнеше материал түсті. Комиссияда қарағанда, бір дауыстан Дина Төлепбергенова мен Алексей Шахматовтың осы жылғы журналисттер одағының сыйлығын береміз деп шештік