«Қазақстан барысы» деп аталатын табиғи сүт сатылымға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан барысы» деп аталатын табиғи сүт сатылымға шықты

«Қазақстан барысы» деп аталатын табиғи сүт сатылымға шықты

Нағыз батырлар ішетін сүт. КТК арнасының теңдессіз жобасы «Қазақстан барысы» деп аталатын ешқандай қоспасы жоқ табиғи сүт сатылымға шықты. Осындай тосын сый алдағы жексенбі күні өтетін «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сыны алдында жасалып отыр. 29-шы маусым күні, Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде ең үздік тағы бір палуанның есімі белгілі болмақ.

  • 26 Маусым 2014
  • 225
Фото - Caravan.kz

Биылғы турнирдің жаңалығы көп. Алдымен ақтық бәсекеде төрешілердің санын қысқартыпты. Жұрт олардың есімдерін турнир күні естиді. Сондай-ақ, тұңғыш рет палуандар допинг тексерістен өткізілді. Сыннан 5 палуан   сүрініп жарыстан шеттетілген. Тағы бір ерекшелік биыл жеңімпазға көлік тарту етілмейді. Ол көрермендер көзайымына айналған палуанға берілмекші. Ал қарсыластарының жауырынын жерге тигізген чемпионды алтын белбеу мен «Тайтұяқ» және 150 мың доллар сыйақы күтіп тұр. Көрермендер арасында лоторея ойнатылып жатыр. Билеттер Елорданың ірі сауда орталығында сатылуда. Сайыстың басты демеушілерінің бірі — «Kaspi Bank» екенін айта кетейік.


Арман Шораев, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы
:

-Біздің додамыз еш олипиададан кем емес, деңгейі. Сондықтан, жеңіс таза болуы керек. Жеңгендер ешқандай допинг қолданбауы  тиіс. Қиын болса да шеттеттік.  Тағы бір палуанымыз ережені бұзып, еш іріктеуге қатыспай, тура облыста күресіп, оны да шеттеттірдік. Мен ойлаймын 33 палуан болмаса да оның орнына 28 болса да еш қиындық туындамайды. Біздің додамыз әдемі өтеді деп ойлаймын.