Әйелінің қолынан өлген леcби қызға қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелінің қолынан өлген леcби қызға қатысты жаңа дерек шықты

Әйелінің қолынан өлген леcби қызға қатысты жаңа дерек шықты

Күллі жұртқа күлкіге қалып, кәріс қызын әйелдікке алған Кристина Чернышева шын мәнісінде лесбишіл болмаған. 18 жастағы бойжеткен арзан атаққа қызығып, алаяқтардың арбауына алданыпты. Фотомодель боламын деген қыздарының ақша үшін лесбилік тойға келіскенін Кристинаның әжесі бірінші рет арнамызға ағынан жарылып айтып берді. Бүкіл елді дүрліктірген «біржынысты отбасының» бақыты баянды болмады. 30 жастағы Каролина Кан сыбайластырымен бірге наурыз айында «қыз күйеуінің» денесін бөлшектеп, артынша кісі танымастай етіп өртеп жіберген еді. Чернышеваның денесін, дәлірек айтқанда өрттен қалған бірді-екілі сүйек қалдықтарын туыстары ертең Алматыда жерлемек.

  • 26 Маусым 2014
  • 588
Фото - Caravan.kz

Бұл той туралы естімеген адам кемде кем. Ақ лимузин, қуанышқа атылған шампан, тек құшағы айырылмаған қалыңдық та, күйеу жігіт те қыздар. Бұл күні Кристина мен Каролина күллі жұрттың жағасын ұстатты. Ал қыздарының осы түздегі қылығынан үйдегі ата-ана мүлде хабарсыз болып шықты.

Галина Чернышева, Кристинаның әжесі:

— Тойды ғаламтордан көргенде өз-өзіме келе алмай, жылай бердім. 10 күн бойы есеңгіреп жүрдім. Әке-шешесі де сенген жоқ. Ешқайсысымыз сенген жоқпыз!

Жаңа түскен «келінін» көріп қыздың туған әжесі талып түсіпті. Сөйтсе, бойжеткен той алдында ғана туыстарымен жанжалдасып, үйінен қашып кеткен екен. Кейін әжесіне телефон шалып, Қарағандыда фотомодель болуға талпынып жүргенін айтқан.

Галина Чернышева, Кристинаның әжесі:

-Ол фотомодель болғым келеді деді. Кристинаға әлдебіреулер көп ақша ұсыныпты. Соған алданып, Қарағандыға кеткен. Біздің қызымыз ешқандайда лесби емес! Кәдімгі көйлек киіп жүрген қыз болатын.

Кристина қаза болардан бірер күн бұрын құрбысына қоңырау шалып, Астанада жезөкше болып жүргенін, Алматыға қайтқысы келетінін жеткізіпті. Оны осы жолға «әйелі» Каролина түсірген екен. Қазір Чернышевтар отбасы қайғыдан қан жұтып отыр.


— Құдайым не үшін, не үшін?

Қанды қылмыс наурыз айының соңында болған. Кристинаны жары екі сыбайласымен бірге өлтіріп,денесін бөлшектеп өртеп жіберген. Мәйіттен тек сан сүйегі мен омыртқасы қалыпты. Лесби атанып, атағын шығарған қыз ертең туған қаласы – Алматыда жерленеді. Ал қандықол қалыңдық пен сыйбайластары көпке ұзамай қолға түсті. Каролина бұрын екі рет күйеуге тиіп, екі балалы болған екен. Және 16 жасынан жеңгетайлықпен айналысыпты. Енді бұл үшеуі өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.