Үкімет кәсіпкерлердің қарызын кешірмек - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет кәсіпкерлердің қарызын кешірмек

Үкімет кәсіпкерлердің қарызын кешірмек

Кәсіпкерлердің қарызы кешірілмек. Үкімет енді салыққа  рақымшылық жариялап айыппұлын өтемеген бизнесмендердің берешегін сызып тастамақшы.

  • 26 Маусым 2014
  • 318
Фото - Caravan.kz

Алайда мұндай жеңілдік тек соңғы бір жыл ішінде әртүрлі себеппен айыпұлын төлемеген кәсіпкерлерге жасалады. Яғни олар, бюджетке салық ретінде  төлейтін түсімді уақытынан кешіктірген. Енді оны мүлдем төлемеуіне болады. Қордаланған өсімақысы да кешірілмек. Есесіне, қазынаның бүйірін толтыруы тиіс қаржысын кәсібіне құюға мүмкіндігі бар. Күтпеген жерден жомарттық танытқан Үкімет осылайша отандық бизнесті қолдамақ ойда.


Кәрім Мәсімов, ҚР премьер-министрі:

Рақымшылықтың кәсіпкерлерге берері көп. Кешірілген қарызға бизнесін кеңейтуге мүмкіндік бар. Қаржы министрі Сұлтановқа салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізуді әзірлеп, Үкіметке ұсынуды тапсырамын.