Зерттеушілер: Үйінде мысық асыраған ер адамдардың денсаулығы жақсарады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зерттеушілер: Үйінде мысық асыраған ер адамдардың денсаулығы жақсарады

Зерттеушілер: Үйінде мысық асыраған ер адамдардың денсаулығы жақсарады

Эдинбург ғалымдарының жақында жүргізген зерттеулеріне сәйкес үйде мысық асырау адамдардың денсаулығына оң әсерін тигізеді екен. Мамық жануардың әсіресе, ер адамдарға пайдасы көбірек болып шықты.

  • 26 Маусым 2014
  • 799
Фото - Caravan.kz

Зерттеушілер мысықтың нәзік жандыларға қарағанда, ер адамдарға көбірек әсерін тигізетінін анықтаған. Дәрігерлер бұл төрт аяқты жануарды үйде ұстау ер адамдарда жүрек талмасы мен инсульттің туындау қаупін 20 пайызға дейін азайтады деп есептейді.

Зерттеуге 40-85 жас аралығындағы 10 мың адам тартылған. Деректерге сәйкес, 85 жасқа дейін өмір сүрген ер адамдардың 70 пайызы үйлерінде мысық асыраған болып шықты.

Биологтардың айтуынша, бұл осы жануармен ұзақ араласқаннан кейін туындайтын оң әсерге байланысты. Яғни мысық пырылдап еркелегенде адамның қан қысымы төмендеп, оның бойында бақыт гормоны түзіледі, деп жазады Росбалт.