Автокөліктің комплектациясы мен техникалық көрсеткіштері туралы әзірге ақпарат аз. Компаниядағылар оның үш қатар орындығы болатынын, және ол нарыққа 2015 жылы шығарылатынын ғана айтты.
«Біз әлемдегі ең үздік автокөлікті шығармақшымыз», — деп атап өтті компания өкілі Диетр Зетхе.
Оның сөзіне қарағанда, осы көліктің 12 нұсқасы шығарылады. Ал олардың комплектациясы мен дизайны әралуан болмақ.