СҚО-да әскери жаттығу кезінде полицей көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да әскери жаттығу кезінде полицей көз жұмды

СҚО-да әскери жаттығу кезінде полицей көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында әскери оқу-жаттығу жиындары  кезінде полицейдің миына қан кетіп өлді. 33 жастағы тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

  • 27 Маусым 2014
  • 220
Фото - Caravan.kz


Жаттығуға жиналған полицейлер таңертең жүгіруге шыққан. Кенеттен капитан Ескендір Манаповтың денсаулығы нашарлап, дереу қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіпті. Кейін «инсульт» деген дианоз қойып, қанша тырысқанымен ақ халаттылар оны ажалдан арашалап қала алған жоқ. Ескендір Манапов 2005 жылдан бері Айыртау аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы болып қызмет етіпті.