БҚО-да бұршақ жауып тұрғын үй мен көліктерді қиратты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да бұршақ жауып тұрғын үй мен көліктерді қиратты

БҚО-да бұршақ жауып тұрғын үй мен көліктерді қиратты

Батыс Қазақстанда тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауып жұртты әбігерге түсірді. Небары 10 минут ішінде ауа-райының тосын мінезінен 300 үй мен 30 көлік бүлінді.

  • 27 Маусым 2014
  • 317
Фото - Caravan.kz


Бұршақ Березовка ауылына кешқұрым жауған. Әйтеуір адамдар зардап шекпеген екен. Алайда жұрттың талай мүлкі қирап әуреге түсті. Жер үйлердің терезелері, кейбірінің тіпті, төбелері де морт сыныпты. Ал ауладағы жеңіл көліктерден түк қалмаған. Төбелері майысып, терезелері шұрық-тесік жағдайда. Жергілікті төтенше жағдайлар басқармасы қазірде келген шығын көлемін анықтауда. Бір белгілісі, бау-бақша баптаған ауылдықтар биыл өнімсіз қалатын түрі бар. Диаметрі 5 сантиметрдей бұршақ көкөніс пен жеміс атаулыны жайпап тастаған.