Сенаторлардың мұндай қадамға баруы тегін емес. Өйткені соңғы жылдары қазақ әнұраны күлкіге қалып әлемге ұятты болғаны жасырын емес. Мәселен екі жыл бұрын Кувейттегі жарыста Қазақстан атынан қатысқан спортшы алтын алып тұғырға көтерілгенде Бораттың комедиялық фильміндегі жезөкшелер жайлы сайқымазақ әні ойнатылған еді. Әнұранға қатысты тосын оқиға өз елімізде де, бірнеше рет орын алды. Оның үстіне Олимпиадада, әлем чемпионатында топ жарған спортшыларымыз әнұранның сөзін білмей күмілжіп қалатыны тағы бар. Енді оны білу заңмен міндеттеліп отыр. Тіпті бүгін сенаторлар қыруар қаржы бөлініп жатқан спорт клубтарына шүйлікті.
Қожахмет Баймаханов, Сенат депутаты:
-Мысалы, мына хоккей командасына «Қазақстан темір жолы» арқылы 40 млн. доллар бөлінеді екен. 40 млн доллар. Ол деген 80 млрд теңге ақша. Қызылорда қаласының 4 жылдық бюджеті ол.