«Талдықорғанжылусервис» компаниясы 26 млн теңгеден астам қаражатты тұтынушыларға қайтаруы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Талдықорғанжылусервис» компаниясы 26 млн теңгеден астам қаражатты тұтынушыларға қайтаруы тиіс

«Талдықорғанжылусервис» компаниясы 26 млн теңгеден астам қаражатты тұтынушыларға қайтаруы тиіс

«Талдықорғанжылусервис» компаниясы 26 млн теңгеден астам қаражатты тұтынушыларға қайтарып береді.

  • 27 Маусым 2014
  • 552
Фото - Caravan.kz

Алмыт облыстық прократурасының сайтында жарияланған мліметке сүйенсек, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті 17-маусымда «Талдықорғанжылусервис» МКҚК-на тұтынушыларға келтірілген шығынды өтеу тарифтерін енгізу туралы бұйрық шығарды. Бұйрық прокуратураның өтініші бойынша жазылып отыр.

Прокурорлардың айтуынша, арнайы тексеру барысында 2013 жылы инвестициялық бағдарламаларды орындау кезінде компанияның өз міндеттемелерін толық орындамағаны анықталған.

«Бекітілген инвестициялық бағдарлама толық жүзеге асырылмай, игерілмеген қаражат 13 млн 835,1 мың теңгені құраған. Инвестициялық бағдарлама тәртібіне сәйкес, компания үш ай ішінде уәкілетті органға бағдарламаға түзетулер енгізілгені туралы хабарлауы тиіс болатын. Бірақ бұл талап орындалмаған», — делінген хабарламада.


Сонымен, табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға келтірген шығыны 26 млн 34 мың теңгені құрады.