Жұма күні таңертең 32 жастағы келіншек көпірге мініп, Ертіс өзеніне секірмек болған. Құтқару операциясы бір жарым сағатқа созылды. Өз-өзіне қол салмақ болған әйелге дәрігерлер көмек көрсетті, деп хабарлайды Семей қалалық ТЖ басқармасы.
Сұрастыра келе оның мұндай шешім қабылдауына достарымен болған ұрыс-керіс әсер еткені анықталды.