Атырауда алаяқ жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 29 млн. теңге жинаған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда алаяқ жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 29 млн. теңге жинаған

Атырауда алаяқ жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 29 млн. теңге жинаған

Атырау қалалық соты ірі мөлшерде ақша бопсалап, алаяқтық жасағаны үшін айыпталған Дәурен Мәженовті 5 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

  • 27 Маусым 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz

 «Сотталушы Дәурен Мәженов азаматтардың сеніміне кіріп, оларды «Қайнар Мұнайгаз» және «Жылыой Мұнайгаз» мұнай компанияларына жұмысқа орналастыруға уәде берген. Ол жалпы сомасы 29 млн. 400 мың теңге жинап, 50 адамды алдап үлгерген. Дәурен Мәженов ҚР ҚК 177-бабында көрсетілген алаяқтық қылмысын жасағаны үшін айыпты деп танылды.

Ол  жалпы режімдегі түзеу колониясында жазасын өтеу үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», — деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Атырау қаласы прокуратурасы бөлімінің бастығы Серік Жаңабаев.

Прокуратурада хабарлағандай, биылғы жылы өткен жылғы  алаяқтыққа байланысты жасалған қылмыс санымен салыстырғанда, 19,7 пайызға өскен — 355-тен 425-ке дейін. Жыл басынан бастап осы бап бойынша 63 адам жазаға тартылған.