деп Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.
«Бұл көрші елдегі күрделі дағдарыстық жағдай бізді шынымен алаңдатады. Киевтегі антиконституциялық төңкеріс, украин халқын Еуропа мен Ресей арасында жасанды таңдау жасауға итермелеу халықтың қақ жарылуына әкеп соқтырды, деп В.Путин сенім грамоталарын табыстау салтанатында атап көрсетті.
Оның айтуынша, ең алдымен жергілікті тұрғындар құрбан болуда. Елдің оңтүстік шығысында қан төгілуде, нағыз гуманитарлық апат орын алуда, он мыңдаған босқын Ресейге бас сауғалауға мәжбүр болуда. Өз кәсіби міндетін атқарушы журналистер оққа ұшып, қасақана қуғынға ұшырауда.