Курортты аймаққа нәжіс суы ағып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Курортты аймаққа нәжіс суы ағып жатыр

Курортты аймаққа нәжіс суы ағып жатыр

Табиғаты тамылжыған Бурабай кентінің тұрғындары көпқабатты үйлерінің кәріз құдықтары тазартылмағандықтан, сасық су орманға құйылуда деп дабыл қақты. Нәжіс толы құдықтар ернеуінен асып кеткен. Коммуналдық қызмет өкілдерін шақыртып келтіре алмаған бурабайлықтар құзырлы орындардың барлығына шағымданған. Алайда шенеуніктер де бұл мәселеге немқұрайлы қарап отыр.

  • 28 Маусым 2014
  • 468
Фото - Caravan.kz

Лас суға лық толған кәріз құдықтары қазір ернеуінен асып сыртқа төгіліп жатыр. Күннің ыстығында жағымсыз иістен мезі болған жұрт амалсыз сасық судың арнасын орманға қарай бұрған. Қазір, курортты аймақтағы қалың орманның іші тіпті батпаққа айналды. Бірақ онымен де ешкімнің ісі жоқ дейді ашынған жұрт.

Қайырболат Жағыпаров, Бурабай кентінің тұрғыны:

-Исі қайда бармай жатыр, мынау ұят қой.Бұл не деген сұмдық? Курорт деп айтуға өзі келмейді. Қонақтар ұят қой.

Осылай налыған жұрт, құдықты соратын көлікті тоса тоса шаршаған. Шыбын-шіркей үймелеп, бала-шаға үшін қорқатын болдық дейді олар. Бурабай кентінде орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ. Әр үйдегі құдықты коммуналдық қызмет өкілдері уақытылы тазартып тұруы керек. Бірақ бұл үйлердің көпшілігінің құбыры иесіз. Сондықтан біз кезде тазартып береміз дейді коммуналдық қызмет басшылары.

Виктор Бахмут, «Бурабай-тазалық» коммуналдық кәсіпорынының бас инженері:


-Бұл үйлерде жағдай қиын. Қалдық су орманға кетіп жатыр. Ар жағында өзен де жақын. Біздің кәсіпорын бәріне үлгермейді. Әкімдік құжаттарын реттеп берсе, тазартуға міндетті болар едік.

Ал әкім әзірге жайбарақат отыр.Айтуынша құдықты тазалайтын көлік жеткілікті. Дегенмен алдағы уақытта кәріз жүйесін реттейміз дейді

Ерлан Мұратов, Бурабай кентінің әкімі:

-Әне көріп тұрсыздар ғой, сасық суды көлікпен тасып жатыр. Қазір бағдарлама бойынша екінші кәріз коллекторы салынып жатыр. Бұл мәселе содан кейін шешіледі. Иесіз құдықтарды да тазалаймыз. Коллектор екі жылда бітеді.

Бурабай кентінің тұрғындары коллектор салынып біткенше сасық су кешіп жүретін сияқты. Бәрінен бұрын, курортты аймақтың тамылжыған табиғатына обал болды дейді тұрғындар.