Семейде өзен жағасынан адам сүйектері табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде өзен жағасынан адам сүйектері табылды

Семейде өзен жағасынан адам сүйектері табылды

Адам қалдықтарын бірінші болып Ертіс маңында доп теуіп жүрген балалар көрген.

  • 28 Маусым 2014
  • 408
Фото - Caravan.kz

Жеткіншектер үйінді арасынан шығып тұрған сүйек пен табыт қалдықтарын байқапты. Белгілі болғандай, жергілікті тұрғындардың бірі үйінің алдына жол салмақ болып, бірнеше көлікпен топырақ әкелген екен. Көрген жайттан қорқып қалған семейліктер бірден санитарлық қызмет пен тәртіп сақшыларына шағымданған. Жұрт осы маңда қауіпті індет тарай ма деген үрейде. Қазір мамандар адам сүйегі араласқан топырақтың қайдан әкелінгенін анықтап жатыр.


Гүлнұр Әшімова, Семей қаласының тұрғыны:

-Балалар бір шелекке адам сүйектерін жинап, бізге көрсетпек болып, үйге қарай әкелді. Өз көзіме сенбедім, қатты шошып қалдым. Артынша балалар ойнап жатқан жерден тағы 3 бас сүйек қазып алғандарын да айтты.