Семейде жылуға қарызы бар тұрғындардың шетелге шығуына тиым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жылуға қарызы бар тұрғындардың шетелге шығуына тиым салынды

Семейде жылуға қарызы бар тұрғындардың шетелге шығуына тиым салынды

Семейдің жылу жеткізушілері қарызгерлермен жазда күресіп жатыр! Олар қызмет төлемдерін өтемегендердің құбырларын ажыратумен шектеліп қалмай шетел асуға да тыйым сала бастады.

  • 28 Маусым 2014
  • 358
Фото - Caravan.kz

Қарызға батқандардың дені – дүкен дәріхана мен қонақ үй қожайындары. Осындай меншік иелерінің ғимараттары жылудан күн сайын ажыратылады. «Қара тізімде» 500-дей кәсіпкер бар. Еңбек демалысын шетелде өткізуді жоспарлап қойғандары енді бұл мүмкіндіктен толықтай айырылады. Коммуналшылар берешектер тиын-тебеніне дейін өтелмейінше, рұқсат қағазын бермейміз деп отыр. Айта кетейік, семейліктердің жылу үшін қарызы жарты миллиард теңгеге жеткен.


Гауһар Жетпісбаева, «Теплокоммунэнерго» МҚК бөлім бастығы:

-Тұрғындардың арасында қарызды дер кезінде төлемегендіктен, шекара аса алмай қалғандары бар. Жап-жақсы демалыстарын өздері бүлдірді.