"Гүлнар Тур" басшысы ақшасын талап еткен жігітпен төбелесіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Гүлнар Тур" басшысы ақшасын талап еткен жігітпен төбелесіп қалды

"Гүлнар Тур" басшысы ақшасын талап еткен жігітпен төбелесіп қалды

Алматыда «Гүлнар Тур» компаниясының басшысы алдына келген клиентпен қырқысып қалды. Туроператордың кесірінен сапарынан кешігіп қалған 26 жастағы азамат ақшасын қайтарып алуға барған екен. Бірақ соны ала алмағаны былай тұрсын, таяқ жеп қалыпты. 

  • 28 Маусым 2014
  • 487
Фото - Caravan.kz

Сәкен Қалиев Түркияға алдағы сейсенбіде ұшып кетпек болған. Енді қан-жоса күйінде туристік компанияның алдында тұр. Басты себеп – сапардың кейінге шегерілуі. Таңертеңгі 11-лер шамасында ақшасын  қайтарып аламын деп кірген ол басшыдан таяқ жеп шыққан.

Сәкен Қалиев, Алматы қаласының тұрғыны :

-Мен айттым « ақшамды қайтар маған» деп.  Ол айтты «мен төлемеймін, шық әрі деді!» Мен айттым «қалай шығамын.  Ол үстелдің астынан таяқ алып, мені ұрды мына жерден.

Қиян-кескі төбелес бас директордың кабинетінде болған. Үсті-басы жырым-жырым болған жігітті күзетшілер жұлқылап шығарыпты. Ол сосын бірден ауруханаға тартқан. Ал қолына ерік берген «Гүлнар Турдың» басшысы сол күйі төбе көрсетпеді. Енді шашасына шаң жуытпаған қызметкерлері жолы болмаған клиент өзі соқтықты дейді.


Ирина Самойлова , «Гүлнар Тур» туристік компаниясының заңгері:  

-Біздің бас директорымыздан әлдеқайда жас адам жұдырық ала жүгіріп, соңы шартпа-шұрт ұрысқа ұласты. Салдарынан, бастығымыз ауыр жарақат алды.»

Алайда 26 жастағы алматылық жігіт бұл айтқандарды жоққа шығарып, тіпті заңгермен де дауласып қалды. Берекетімді қашырған компания арқылы бұдан былай ұшпаспын деп отыр.

-Текетірестің соңы немен тынары әзірге белгісіз. Компания қызметкерлері жұмыс онлайн режимінде жүргізілгендіктен оқиғаны камераға түсіріп үлгеру мүмкін болмағанын айтады. Опық жеген клиент те, басы дауға қалған басшы да бірден полицияға арыз тастап үлгерді.