Донецк қаласында «Бірінші арнаның» операторын өлтіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Донецк қаласында «Бірінші арнаның» операторын өлтіріп кетті

Донецк қаласында «Бірінші арнаның» операторын өлтіріп кетті

Украинаның Донецк қаласында «Бірінші арнаның» операторын өлтіріп кетті.

  • 30 Маусым 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Донецк халықтық республикасының баспасөз орталығының жетекшісі Клавдия Кульбацкая хабарлады. 

«Оқ оператордың ішіне тиді, ол содан көз жұмды», — деп мәлімдеді Ресейдің "Жаңалықтар" ақпараттық агенттігіне Кульбацкая.

Марқұм оператордың есімі Анатолий Клян, деп хабарлады Russia Today телеарнасы.

«Бірінші арна» таңғы жаңалықтарда өздерінің журналисі қаза болғанын растады. "Қайғылы оқиға әскери бөлімдердің бірінің жанында болды. Ол жерге түсірілім тобы репортаж жасауға барған еді», — деді жаңалықтар жүргізушісі.