Жобаның бастапқы сатысына 20 млн доллар қажет. Бұл туралы осы елдің Экономика және өнеркәсіп министрлігі хабарлады.
«Орталық іске қосылғаннан кейін Қазақстанға өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және басқа да өнімдерді экспорттауға, Қазақстанда шығарылған өнімдерді біздің елге тасымалдауға мүмкіндік туады», — деді Әзірбайжанның Экономика және өнеркәсіп министрі Шахин Мустафаев орталық іргетасын қалау рәсімінде.
Бұл Әзірбайжанның елден тысқары аймаққа салып жатқан тұңғыш логистика орталығы. Ол аумағы 5 мың шаршы метрлік құрғақ қоймадан, 5 мың шаршы метрлік тоңазытқыш пен өзге де инфрақұрылымдардан тұрады.