Ведомство мәліметіне қарағанда, мемлекет басшысының 64 мың шаршы метр аумаққа егілген көп жылдық өсімдіктері бар. Бүгінде олар сенімді басқаруға берілген.
«А.Атамбаев «Форум» ҮЕҰ-ның құрылтайшысы екенін көрсеткен. Ол да сенімді басқаруға беріліпті. Президенттің атында 2007 жылы шыққан «Тойота Лэнд Крузер» көлігі бар», — делінген хабарламада.
«Декларацияға сүйенсек, өткен жылы президенттің зайыбы Раиса Атамбаева 87 мың 546 сом тапқан. Құнды қағаздардан 120 мың доллар мен 145 мың сом дивиденд алыпты. Сондай-ақ, оның гаражы, жалпы аумағы 133,3 және 51,3 шаршы метрлік қос пәтері бар көрінеді. Бірінші ханым «Медиафорум» ААҚ акциясының 86,28 пайызына иелік етеді», — деп хабарлайды МКҚ.