Ресейде бортында 17 адам болған Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде бортында 17 адам болған Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады

Ресейде бортында 17 адам болған Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады

Ресейдің Хабаровск өлкесінде бортында 17 адам болған Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

  • 30 Маусым 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz


"Олардың тағдыры әзірге белгісіз", — деп хабарлады ИТАР-ТАСС-қа аймақтың құқық қорғау органдарынан. 

Апат өлкенің Верхнебуинский ауданы Чекунда кентінен 50 шақырым жерде орын алған.

"Алдын ала ақпарат бойынша, көлік «Орман әуе күзетіне» тиесілі. Тікұшақ бортында 14 өрт сөндіру десант-парашютшілер мен 3 экипаж мүшесі болған, — деді ақпарат көзі.