Павлодарда балалар жаппай тамақтан ұшынды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда балалар жаппай тамақтан ұшынды

Павлодарда балалар жаппай тамақтан ұшынды

Дәрігерлердің айтуынша, «Электронник» деп аталатын жазғы демалыс лагерінде бүлдіршіндерге бұзылып кеткен тамақ берген. Осыдан кейін балалардың жүрегі айнып, іші өте бастапты.

  • 1 Шiлде 2014
  • 441
Фото - Caravan.kz


Алғашында ұшыну диагнозымен ауруханаға 7 бала түскен екен. Кейін тағы төртеуінен ішек инфекциясы табылыпты. Барлығы ауруханада ем қабылдап жатыр. Осы оқиғадан соң іле-шала жазғы лагерге тексеру жүргізіліп, онда қызметкерлердің санитарлық нормаларға салғырт қарағаны анықталған. Қазір тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін сауықтыру орталығын уақытша жауып тастады.