Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары сотталды

Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары сотталды

Алматыда Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бағдат Майкеевке қатысты сот үкімі шықты. «Аса ірі көлемде пара алды» және «қару-жарақты заңсыз сақтады» деп айыпталған экс-генерал-майор енді 6 жылын темір торда өткізуі тиіс.

  • 1 Шiлде 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz


Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік сыйлығы мен әскери шенінен айырылды. Тергеушілердің мәліметі бойынша, Майкеев танысына  тендерді ұтып беруге әуде етіп, 2 миллиондай АҚШ доллары көлемінде ақша сұраған. Ол сол ақшаны көлігінде санап алып жатқан жерінде қолға түсіп, биылғы ақпан айында қамауға алынған еді. Алайда, бұрынғы шенді тағылған айыптарды жоққа шығарып, сөмкеге толы ақшаны көлігіме әлдебіреулер әдейі қойып кеткен деп ақталған болатын.